Түркістан полицейлері өте қауіпті cинтетикалық есірткіні тәркіледі

14 Тамыз 2020, 09:21
2001
Бөлісу:
Түркістан полицейлері өте қауіпті cинтетикалық есірткіні тәркіледі
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы полицейлері Шымкент қаласының тұрғындарынан синтетикалық есірткі мен 2 кг-нан астам марихуана тәркіледі.

"Көкнар-2020" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түлкібас ауданы Келте-Машат автожолында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "ВАЗ-21099" автокөлігін тоқтатып, тексерді.

WhatsApp Image 2020-08-14 at 08.40.41.jpeg

Жедел уәкілдер автокөлікті тінту кезінде есірткі заттары салынған полиэтилен пакеттерін тәркіледі. Ал автокөліктің жүк салғышынан марихуана салынған қап алынды.

Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, полиэтилен пакеттерде жалпы салмағы 1,5 грамм болатын синтетикалық есірткі сақталған. Ал өсімдік түптері,  құрамында есірткі заты бар салмағы 2 кг-нан асатын "кептірілген марихуана" болып шықты. Сондай-ақ, Сайрам ауданында синтетикалық есірткіні сатпақ болған тағы бір Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Күдіктіден жедел уәкілдер салмағы 3 грамға жуық синтетикалық есірткі салынған 4 орама (пакетик)  тәркіледі.

WhatsApp Image 2020-08-14 at 08.40.41 (1).jpeg

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция подполковнигі Құрманбек Саховтың айтуынша, ол өз тәжірибесінде бұндай есірткіні алғаш рет кездестіріп отыр.

Екі жағдайда да біз, альфа пирролидино валерофенон (немесе альфаPVP) синтетикалық есірткілерін тәркіледік. Бұл біздің тәжірибемізде алғаш рет орын алып отыр. Есірткінің бұл түрі синтетикалық санатқа жатады, яғни зертханалық жағдайда, басқаша айтқанда жасанды түрде өндіріледі. Бұл өте қауіпті психостимулятор. Ақ немесе қызғылт түсті кристалдар. Мұнымен есірткіге тәуелділік өте тез жүреді. Тыныс алу және жүрек қызметіне теріс әсер етеді. Ал мамандандырылған көмексіз соңы өлімге әкелуі мүмкін. Есірткі қылмыстарын ашу үшін бізге бірнеше ай жұмыс істеу керек екенін атап өткім келеді. Қылмыстың бұл түрі жасырын жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта аталмыш есірткі Шымкенттен әкелінгенін анықтадық. Аталған екі жайт бойынша күдіктілер мегаполис тұрғындары болып шықты, олардың біреуі бұрын сотты болған. Ер адамдар қамауға алынды. Ұсталғандардың біріне қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы "Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ал екіншісі ҚР ҚК-нің 297-бабымен "Есірткі құралдарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату" тіркеліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, - деді ол.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды есірткіге байланысты қылмыс жасаудан сақ болуға, сондай-ақ денсаулыққа зиян келтіретін зиянды әдеттерден бас тартуға кеңес береді. Тәртіп сақшылары тұрғындарды спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы