Түркістан өрендері әлем чемпионатынан олжалы оралды

31 Қаңтар 2022, 08:35
2119
Бөлісу:
Түркістан өрендері әлем чемпионатынан олжалы оралды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

БАӘ мемлекетінің Абу-Даби қаласында  жастар мен ересектер арасында аралас жекпе-жектен (ММА) әлем чемпионаты өтті. Оған әлемнің  60-қа жуық мемлекетінің ең мықты спортшылары қатысты.

Түркістан өрендері әлем чемпионатынан олжалы оралды

 Әлем чемпионатында Түркістан облысының №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 4 спортшы сынға түсті. Нәтижесінде олар 1 күміс  және 1 қола медаль еншіледі. Атап айтсақ, 47,6 келі салмақ дәрежесінде Айгерім Манақова күміске иелік етсе, 52,2 келіде сынға түскен  Алтынай Мергенбай қола жүлдені жеңіп алды. 

Түркістан өрендері әлем чемпионатынан олжалы оралды

Тағы бір айта кетерлігі, дүбірлі сында Қазақстанның намысын қорғаған Бекзат Жасия қарсылас шыдатпай, әлем чемпионы атанды. Бекзат – Түркістан облысы Ордабасы ауданы Бөржар ауылының тумасы. 

Түркістан өрендері әлем чемпионатынан олжалы оралды

Бүгінде Шымкентте шеберлігін шыңдап, күллі елдің абыройын көтеріп жүр.  Абу-Даби төріндегі долада отандасымыз 65,8 келі салмақ дәрежесінде финалда испаниялық Хуан Искьердоны жеңді.

Түркістан өрендері әлем чемпионатынан олжалы оралды
Өзгелердің жаңалығы