Түркістан облысының тұрғынынан тіркелмеген қару тәркіленді

12 Желтоқсан 2022, 20:12
979
Бөлісу:
Түркістан облысының тұрғынынан тіркелмеген қару тәркіленді

Түркістан облысында тұрғынның үйінің кіреберісінен шолақ мылтық тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жергілікті тұрғынның бірі өз үйінде заңсыз қару-жарақ сақтауы мүмкін деген жедел ақпарат келіп түсті. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркелді. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдіктінің жеке басын, яғни оның Сауран ауданының тұрғыны екенін анықтап, ұстады. 

Жедел уәкілдер күдіктінің үйіне тінту жүргізу кезінде оның кіреберіс бөлмесінен 16 калибрлі шолақ мылтық пен атылған оқтарды тауып, тәркілеп алды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты заттар сараптамаға жіберілді. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Өзгелердің жаңалығы