Түркістан облысының тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіленді

7 Қараша 2023, 21:48
470
Бөлісу:
Түркістан облысының тұрғынынан 15 келіден астам марихуана тәркіленді
Фото: polisia.kz

Күдіктінің ауласын тінту кезінде 2 түп есірткіге ұқсас өсімдік пен 20 литрлік ыдысқа салынған құрамында есірткісі бар зат тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ 50-ден астам сіріңке қорабы мен 2 пластикалық контейнерге салынған марихуанаға ұқсас есірткі заты табылды. 

Сараптамаға сәйкес, есірткі заты жалпы салмағы 15 келіден асатын марихуана болып шықты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы