Түркістан облысының тұрғыны алимент қарызын өтеді

17 Тамыз 2021, 16:55
2741
Бөлісу:
Түркістан облысының тұрғыны алимент қарызын өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін алимент қарызын өтеді.

Төрт жыл бойы балалардың әкесі алимент төлеуден жалтарған. Басында ер адам әйелімен өзара келісіп, ақша төлеген. Бірнеше жыл бойы төлеуді тоқтатып, өзінің қайда екенін жасыра бастаған. Іздеуде болған борышкер үш айдан кейін табылды, - деп хабарлады республикалық жеке сот орындаушылары палатасының баспасөз қызметі.

Сот орындаушысы Азизжан Қошқаров борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тарту шараларын қабылдады. Сот осындай жаза шарасын қолданды. Ал ер адам қарызды толығымен өтеді. Ол төрт жылда төрт баласына 4 миллион 400 мың теңге қарыз болған.

Өзгелердің жаңалығы