Түркістан облысының полицейлері жоғалған 2 жасөспірім қызды іздеп тапты

3 Ақпан 2023, 18:16
1553
Бөлісу:
Түркістан облысының полицейлері жоғалған 2 жасөспірім қызды іздеп тапты
PHOTO
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 2 жасөспірім қызды іздеп тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Түркістан қалалық полиция басқармасына екі әйел хабарласып, көмек сұрады. Көрші тұратын жалғызбасты аналардың айтуынша, біреуінің 10-сынып, екіншісінің 9-сынып оқитын қыздары 29 қаңтар күні үйлерінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған. Жоғалған жасөспірім қыздарды тез арада табу мақсатында Түркістан қаласының тәжірибелі полицейлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. 

Із-түссіз кеткен екі кәмелет жасына толмаған қыздардың суреттері жолаушы тасымалдаушыларға көрсетіліп, Түркістан қаласында орналасқан ойын-сауық орындары, қонақ үйлер тексерілді. 

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 2 жасөспірім қызды іздеп тапты

Сондай-ақ Түркістан облысы ПД-ға қарасты барлық қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдерімен, басқа да облыстық полиция департаменттерінің криминалдық полиция басқармаларына бағытнамалар жолданды. 

Түркістандық тәртіп сақшыларының 3 тәулік бойы үзіліссіз жүргізген іздестіру шаралары оң нәтиже беріп, жасөспірім қыздар табылды. Олар облыс орталығындағы 1-мөлтекаудандағы жалдамалы пәтерден табылды. Осылайша дін-аман табылған оқушы қыздар, отбасыларына қайтарылды.  

Анықталғандай, екі жасөспірім өздері тұру үшін пәтер жалдаған, содан 3 күн бойы сонда түнеген. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қыздардың аналарына профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Екі қыздың анасы полиция қызметкерлерінің жұмысына риза болып, алғыстарын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы