Түркістан облысының полицейлері притонды анықтады

9 Қыркүйек 2022, 12:42
3313
Бөлісу:
Түркістан облысының полицейлері притонды анықтады

Түркістан облысының полицейлері “Stop-трафик” іс-шарасы кезінде притонды анықтады, деп хабарлады BAQ.KZ.

7-9 қыркүйек күндері аралығында Түркістан облысының аумағында ауқымды “Stop-трафик” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Оның негізгі мақсаты – жедел жағдайды жақсарту бойынша шараларды жандандыру, жеке адамға қарсы қылмыстарды анықтау, жеңгетайлық пен адам саудасы деректерінің жолын кесу. 

Аталмыш “Stop-трафик” жедел-профилактикалық шарасы аясында Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш АПБ-мен бірлесіп, жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтады.

 Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер Сарыағаш қаласындағы үйлердің бірінде притон ұйымдастыруға күдікті жергілікті тұрғынды және жеңіл жүрісті қызды, яғни Өзбекстан Республикасының азаматшасын полиция бөліміне жеткізді. Айғақты зат ретінде ақша қаражаты алынды. 

Аталған жайт ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы