Түркістан облысының инновация саласындағы белсенділігі артты

27 Маусым 2021, 13:19
2713
Бөлісу:
Түркістан облысының инновация саласындағы белсенділігі артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша инновация саласындағы белсенділік деңгейі 11,2% құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

2020 жылы 93 кәсіпорын инновацияларға ие болды. Өнімдік, процестік, ұйымдық және маркетингтік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 11,2%, соның ішінде өнімдік және процестік инновациялар бойынша 11,1% құрады.

Инновацияның барлық түрі бойынша инновация саласындағы белсенділік деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіш ірі кәсіпорындар арасында байқалып 48% құрады. 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда инновациялық өнім көлемі 7,6% өсіп 14847,6 млн теңгені құрады, - делінген хабарламада.
Өткізілген инновациялық өнім 11633,7 млн теңге болды. Талдау кезеңі бойынша өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда, 4 есеге көбейіп, 17997,8 млн теңгені құрады. Сонымен қатар кәсіпорындардың меншікті қаражатынан инновацияларға жұмсалған шығындар көлемі 4219,9 млн теңгені құрады.

Өзгелердің жаңалығы