Түркістан облысының Бәйдібек ауданында көпбалалы отбасы баспаналы болды

14 Маусым 2019, 16:30
2624
Бөлісу:
Түркістан облысының Бәйдібек ауданында көпбалалы отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылындағы көпбалалы Ақбала Өмірзақованың жанұясы баспаналы болды.

Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, пәтерден пәтерге көшіп, жалдамалы үйде 4 баланы асырап, өмір сүріп келе жатқан отбасыға сыныптастары 1999 жылы мектепті бітірген түлектер 20 жылдық кездесулерінде сауапты іс жасады. Шақпақ ауылынан 3 бөлмелі пәтер кілтін тарту етіп, жергілікті көпбалалы ананы қуанышқа кенелтті. Сонымен қатар Ақбала Өмірзақованың үйіне сый ретінде  тұрғын үйге қажетті тұрмыстық жиһаздар алып беріп, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, көмек көрсетті.

"Баспанаға ие болған көпбалалы отбасы Ақбала Өмірзақова  сыныптастарына алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. Айта кетерлік жайт, Ақбала Өмірзақованың жолдасы ерте қайтыс болған. Төрт ұл-қызы бар. Үлкені 8-сыныпта, кішісі дайындықта оқиды. Жалпы Бәйдібек ауданында туған жерді түлетуге атсалысып, қайырымдылық жасап жатқан азаматтар көп", - делінген таратылған ақпаратта. 

Өзгелердің жаңалығы