Түркістан облысында жыл басынан бері 700-ден астам той өткізілген

20 Тамыз 2021, 15:14
3768
Бөлісу:
Түркістан облысында жыл басынан бері 700-ден астам той өткізілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері 700-ден астам той-жиынға тосқауыл болды. Бұлу туралы Polisia.kz хабарлады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, облыста шектеу шараларына қарамастан ережені елемей, тұрғындардың өміріне қатер төндіріп, той жасайтындар көп. Жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері той-жиынның 734 жайтын тіркеді.

Ордабасы АПБ-нің тәртіп сақшылары өзінің үйінің ауласында беташар тойын өткізіп жатқан тұрғынды анықтады. Оқиға орнына мобильдік топпен полицейлер тез арада жетті. Тексеру кезінде тойға 60-қа жуық адам жиналғаны белгілі болды. 

Нәтижесінде аталған той тоқтатылып, құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша құжаттар жинақталып, СЭББ-ға жолданды. Осыған ұқсас тағы бір жайт, Отырар ауданында да анықталды. Онда жергілікті тұрғын карантин режиміне қарамастан үйіне 50-ден астам адамды жинап, келін түсіріп, беташар тойын өткізген.

Өзгелердің жаңалығы