Түркістан облысында жоғалған жасөспірім қыз табылды

26 Қаңтар 2022, 15:49
1638
Бөлісу:
Түркістан облысында жоғалған жасөспірім қыз табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Түркістан  облыстық ПД баспасөз  қызметі хабарлады. 

Шардара ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда әйел 16 жасар қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. Жасөспірімнің анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. 

Полиция қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Соның нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол Шымкент қаласында тұратын әпкесінің үйінен табылды. Қазіргі таңда жасөспірім қыз ата-анасына аман-есен табысталды. 

Полиция қызметкерлерінің арқасында анықталғандай, жасөспірім қыз ата-анасынан қыдырып келуге рұқсат сұраған. Алайда ата-анасы қызын жібермеген. Сол себепті қалаға әпкесінің жанына кетіп қалған. Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанып, анасы полицейлерге алғысын білдірді. 

Түркістан облысының полицейлері барлық ата-аналарға балаларына үйден үлкендердің рұқсатынсыз шықпау керектігін үнемі ескертіп, оларды бақылауда ұстау керектігін ескертеді. Сонымен қатар жасөспірімдердің өтпелі кезеңінде дос ретінде сөйлесуге кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы