Түркістан облысында жасөспірім қыз 3 күннен бері іздестірілуде

8 Маусым 2021, 03:33
1591
Бөлісу:
Түркістан облысында жасөспірім қыз 3 күннен бері іздестірілуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жасөспірім қыз 3 күннен бері іздестірілуде. Өңірдің Полиция департаменті іздестіру жұмыстарына көмек көрсетуді сұрады.

4 маусым күні Жетісай ауданының жергілікті тұрғыны Жетісай аудандық полиция бөліміне жүгінген. Ол 14 жастағы қызы 4 маусым күні түскі уақытта үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағанын айтқан.

Қазіргі таңда жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары жасөспірім қызды іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар Жетісай ауданы әкімшілігінің қызметкерлерімен бірге мобильді топ құрылып, іздестіру жұмыстары жан-жақты іске асырылуда.

Осы тұста барлық тұрғындар мен қонақтардан жоғалған қызды табуға көмектесулерін сұраймыз, – деді Полиция департаментінен.
Белгілері: үстінде ақ түсті футболка, қара джинсы шалбар және аяғында қара түсті аяқ киімі болған. Өзімен бірге қара түсті «Самсунг Дж-2» маркалы ұялы телефоны бар.

Қандай да бір мәліметке ие азаматтар Жетісай АПБ-ның кезекшілік нөміріне: 8 7253467020 немесе полицияның 102 телефон нөміріне хабарласа алады.

Өзгелердің жаңалығы