Түркістан облысында жарылыстан бір адам қаза тапты

15 Қаңтар 2023, 10:23
817
Бөлісу:
Түркістан облысында жарылыстан бір адам қаза тапты
Фото: ҚР ТЖМ

Түркістан облысында жер үйде газ баллоны жарылып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Кеше сағат 18.41-де 112 пультіне Түркістан облысының Шардара ауданындағы жеке тұрғын үйде алдын ала деректер бойынша газ баллон жарылғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Екі баланы көршілері үйінді арасынан алып шығып, ауруханаға жеткізген. Балаларға медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиға орнында әйел адамның мәйіті табылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Өзгелердің жаңалығы