Түркістан облысында жаңа су қоймасы салынады

21 Наурыз 2024, 08:45
9205
Бөлісу:
Түркістан облысында жаңа су қоймасы салынады
Фото: скрин

Түркістан облысының Төлеби ауданында жаңа су қоймасының құрылысы қайта жанданды. BAQ.KZ бұл туралы «Хабар» арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аумағы 13 гектар жерді алып жатқан бұл нысанға 1 млн текше метр су сыяды. Онда негізінен еріген қар мен жаңбырдың және бастаулардың суы жиналады. Ол өз кезегінде Кемеқалған ауылдық округіндегі су тапшылығын жоюға мүмкіндік бермек. Өйткені ауыл тұрғындары судың жоқтығынан бау-бақша еге алмай отыр.

Қыстыгүні қардың суы, ерте көктемнің суы, бәрі ағып кетеді. Ағып, сай-саламен кетеді де, Бадамға құяды. Бадам Арысқа құяды, сонымен кетеді. Ешқандай су ұстай алмай қаламыз. Үкімет басшылары айтып жатыр ғой, «суларды ұстап қалайық, платина салайық» деп. Соны қолдаймын мен, – дейді алма бағының атқарушы директоры Заузат Қайыпбеков.

Өткен жылы бюджеттен 1 млрд 123 млн теңге бөлініп, жасанды су қоймасы салына бастаған еді.

Ағын судың көлемі азайып бара жатыр жылдан-жылға. Ол енді климаттың өзгеруіне тікелей байланысты шығар. Енді осыған байланысты биылғы жылы ауданымызда 500 гектар жерге су үнемдеу технологиясын енгізуді жоспарлап отырмыз, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Райымбеков.

Өзгелердің жаңалығы