Түркістан облысында жаңа екі су қоймасы салынады

23 Қазан 2023, 23:41
678
Бөлісу:
Түркістан облысында жаңа екі су қоймасы салынады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің алты ауданындағы су шаруашылығы инфрақұрылымының маңызды нысандарының жұмысымен және жай-күйімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдымен министр облыс әкімдігініңөкілдерімен кездесті. Әкімдік қызметкерлері өңірдесу тапшылығы проблемасының қалай шешіліп жатқанын айтып, Түркістан облысының су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтірудің 2023-2030 жылдарға арналған Жол картасын таныстырды.

Кездесуден кейін Нұржан Нұржігітов Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының «Тұран су» ШЖҚ МКК-не барды. Жергіліктімамандар «Арыс» және «Түркістан» магистральдық арналарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен, соның ішінде автоматтандыружүйесін таныстырды.

Сондай-ақ «Боралдай» және «Бәйдібек ата» екі жаңа су қоймасының жобасы көрсетілді.

Арыс қаласында Нұржан Нұржігітов «Ақдала» сорғы станциясының жұмысымен және ұзақ уақыт пайдаланылуына байланысты жаңғыртуды қажетететін Арыс топтық су құбырының су айдау жүйесімен танысты. Министр бұл мәселені жекебақылауына алатынын айтып, оны жергілікті әкімдікпен бірге мұқият зерттеуге уәде берді.

Одан кейін министр Шардара ауданына барып, ирригациялық және дренажды жүйелерді (ПУИД-2) жетілдіру жөніндегі жобаның екіншікезеңі аясындағы жұмыстармен танысты. Сонымен қатар Ұзын Ата ауылдық округінде салыныпжатқан тік дренажды сорғыларды қарап шықты.Ислам даму банкімен бірлесіп іске асырылып жатқан ауқымды жоба шеңберінде 302 сорғы салужоспарланған. «Алматы-Инжиниринг» ЖШС мамандары №16 ұңғыманың қалай жұмысістейтінін көрсетті.

Шардара ауданының Жаушықұм ауылдық округінде Нұржан Нұржігітов Жаушықұм алабынигеру бойынша жұмыстардың барысымен танысты. Жоба Шардара су қоймасынан 12 мың гектарданастам жерді суармалы сумен қамтамасыз етугемүмкіндік береді. Әрі қарай министр Шардара суқоймасына барды. Атап айтқанда, Арнасай бөгетін қарап, оның қызметкерлерімен сөйлесті.

Жетісай ауданының Қызылқұм ауылдықокругінде Нұржан Нұржігітов мердігерлермерзімінде аяқтай алмаған К-30, К-28 және К-26 арналарының жай-күйімен танысты. Министр олардың құрылысын мүмкіндігінше тезірек жандандыру және аяқтау үшін барлық күш-жігержұмсалатынын атап өтті.

Сондай-ақ министр Ш.Ділдабеков ауылдық округінде машиналық әдіспен су алустанциясының жұмысын қадағалады. Нысан «Достық» каналы арқылы су жетіспеген жағдайда, Жетісай ауданының егіс алқаптарын суменқамтамасыз етуге дайын.

Оңтүстік облыстарда суармалы суды тиімді және үнемді пайдалану маңызды. Су инфрақұрылымын жөндеу, арналарды тазарту мәселесі өзекті. Аймақта ауыз сумен де проблемалар бар. Барлық міндеттер кезең-кезеңімен шешілуі керек. Бірақ уақытылы жәнесапаға зиян келтірмеуі керек. Қазіргі уақытта министрлік желісі бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Түркістан облысында ғана ондаған жоба іске асырылып жатыр. Оның ішінде біздің шетелдік әріптестеріміздің қолдауымен жүзеге асып жатқандары да бар, - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Өзгелердің жаңалығы