Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-ы «Оңтүстікауызсу» филиалының реттеліп көрсетілетін қызметі бойынша 2020 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.
Оқи отырыңыз:
Талдау барысында суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеп соқты.
Осыған байланысты, Түркістан облысы бойынша ТМРКД-ы тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.
Нәтижесінде, Департаменттің бұйрығына сәйкес «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-ы «Оңтүстікауызсу» филиалы тұтынушыларына тарифті 1000 теңге м3 үшін 247,13-тен 234,74 теңгеге дейін немесе 5,01%-ға уақытша төмендету арқылы 89 430 078,72 теңге көлемінде қайтарады, - деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу комитеті.
Бұйрық 2021 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.