Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес күшейді

7 Сәуір 2023, 00:27
1209
Бөлісу:
Түркістан облысында шегірткеге қарсы күрес күшейді
Фото: Taunews.kz

Биыл Түркістан облысында шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары мен фитосанитариялық іс-шаралар 10 ауданның 53 ауылдық округінде атқарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Марокко шегірткесіне» қарсы облыс бойынша барлығы 67,3 мың гектар алқапта химиялық өңдеу жұмыстары жүзеге аспақ. Оның ішінде, 59,1 мың гектарда бүріккіш техникаларымен, ал 8,24 мың гектарда әуе жолдары арқылы жүргізіледі.

Биыл облыс аумағында қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімінің өкімімен штаб құрылған болатын. Осыған сәйкес, барлық аудандар мен қалаларда тиісті штабтар дайындық жұмыстарына кірісті.

Сарыағаш ауданы бойынша 15 380 гектарға 7 дана, Арыс қаласында 12 420 гектарға 6 дана және Бәйдібек, Келес, Қазығұрт, Ордабасы, Сауран, Төле би, Шардара аудандары бойынша 31 250 гектарға 14 дана жерүсті желдетпелі бүріккіш техникасы жұмылдырылады.

Ал, «Азиялық шегірткіге» қарсы Созақ ауданында 11 500 гектар аумақта химиялық күрес шаралары жоспарланған.

Химиялық өңдеу жұмыстарын 25 күнде аяқтау көзделіп отыр.

Фитосанитариялық іс-шаралардың тиімді жүргізілуін бақылау және үйлестіру мақсатында облыстық аумақтық инспекция тарапынан 40 мемлекеттік инспектор мен 19 қызметтік автокөлік тартылады.

Өзгелердің жаңалығы