Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды

17 Қараша 2020, 15:03
2019
Бөлісу:
Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Түлкібас ауданы Састөбе кентінде 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі жандарға «күндізгі бөлім» ашылды. 

Бұл мекемеде жүйке жүйесімен ауыратын балалар сауықтыруға арналған емдік, логопедтік, дефектологиялық жаттығулар жасайды және оларға психологиялық, массаж қызметтері көрсетіледі. Осыған байланысты орталық тиісті заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.

Жаңадан ашылған мекеменің ашылу рәсіміне аудан әкімшілігі қатысты. 

Айта кетейік, жалпы ауданда 5475 мүмкіндігі шектеулі азамат болса, оның 754-і 18 жасқа дейінгі балалар.


Өзгелердің жаңалығы