Түркістан облысында мешіттерден ақша ұрлаған күдікті анықталды

26 Наурыз 2024, 10:50
1642
Бөлісу:
Түркістан облысында мешіттерден ақша ұрлаған күдікті анықталды

Түркістан облысында тәжірибелі криминалист мешіттерден қайырымдылыққа жиналған қаражатты ұрлаған күдіктіні анықтады,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Осы жылдың наурыз айында Түркістан облысында орналасқан мешіттерден ұрлық жасалды. Ұры аудан тұрғындарының қайырымдылыққа жинаған ақшасын ұрлап кетті. Қылмыскерді іздеуге Түркістан облысы ПД ЖКБ аға криминалисі Шыңғыс Сарсеков қосылды. 

Бейне талдау жүйесін қолдана отырып, ол күдіктінің жеке басын анықтай алды. Күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол ұсталды және кінәсін мойындады, - делінген ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы