Түркістан облысында мерекеге орай бірнеше әлеуметтік нысан ашылды

25 Қазан 2024, 07:52
509
Бөлісу:
Түркістан облысында мерекеге орай бірнеше әлеуметтік нысан ашылды
Фото: baq.kz

Республика күні қарсаңында Түркістан облысында бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Баянауыл елді мекенінде 600 орындық білім ұясы ашылса, Сауран ауданында 200 орындық оңалту орталығы ел игілігіне ұсынылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында тұрғын кезегінде тұрған 260 отбасына пәтер кілтін табыс етті.

Бұдан бөлек, Сауран ауданы Оранғай ауылында да 200 орындық оңалту орталығы ашылды. Ауданы 12 мың шаршы метр болатын орталық жүру дағдысына арналған робот-ортопедиялық тренажер, көп функционалды үстел, қысқа толқынды терапия және буындарды үздіксіз дамытуға арналған аппаратпен қамтылған.

Орталықта өңірдегі 18 жастан асқан мүгедектігі бар жандарға 7 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін болады. Орталыққа 180-ге жуық штат бөлініп, іргелес жатқан 3 аудан, қала тұрғындары жұмыспен қамтылады, - дейді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ мереке қарсаңында Түркістанда 260 отбасы баспаналы болды. Аймақ басшысы Дархан Сатыбалды пәтер кілтін кезекте тұрған әлеуметтік осал топ өкілдері мен көпбалалы отбасыларға табыстады.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында 16 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Жыл соңына дейін тағы да 1728 пәтерлі 20 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы