Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталды

6 Қараша 2024, 20:17
332
Бөлісу:
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталды

Түркістан облысының мақталы аудандарында жиын-терім науқаны аяқталуға жақын, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Биыл Мақтаарал, Шардара, Арыс, Отырар және Сауран аудандарында 106 мың гектар жерге ақ алтын егілді. «Қазақ мақта» қауымдастығының төрағасы Болат Жүсіповтың айтуынша, игерілген егістік азайғанымен өнім көлемі жылдағыдай. Орташа есеппен әр гектардан 15-35 центнерден өнім жиналып жатыр. 

Қазір жоғары типке жататын шитті мақтаны сатып алушылармен келісімшарт та жасалған. Ал облыс орталығындағы агроөнеркәсіп кешені іске қосылса, мақтаны шикізат күйінде емес, өңделген тауар күйінде экспорттауға мүмкіндік туады. 

Субсидия беріліп жатыр. Селитра жағынан, ГСМ-ге беріліп жатыр. Суға беріп жатыр. Бірақ көп шаруалардың жері жалға алынған жер. Сол себептен кейбір шаруалардың шығыны жабылып жатса, кейбірі шығындарын жаба алмай жатқан жағдайлар бар, - деді "Қазақ мақта" қауымдастығының төрағасы Болат Жүсіпов.

Өзгелердің жаңалығы