Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы бойынша 2021 жылғы қаңтар-қазанда мал шаруашылығының үлесі жалпы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымында 36,2% немесе 291 352,3 млн теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қазанда 3,5%-ға жоғары.
Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, мал шаруашылығының дамуы тікелей малдың басының санына байланысты. Мал шаруашылығы саласында облыс бойынша мал мен құс басының және де мал шаруашылығының өнімі өсуі байқалады.
2021 жылдың 1 қарашаны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында ірі қара малдың саны 3,4%-ға артып және 1082,9 мың басты құрады, қой мен ешкілер - тиісінше – 3,3%-ға және 4754,9 мың, жылқы – 4%-ға және 366,7 мың, түйе – 10,6%-ға және 37,3 мың басты құрады, сонымен қатар құс – 3,3%-ға артып және 2148,5 мың басты құрады.
Шошқа саны 16,7% азайып және 4,6 мың басты құрады.Облыста ет өндірісі (тірідей салмақта) шаруашылықтың барлық санатында өткен айына салыстырғанда 4,5%-ға артып және 191 мың тоннаны құрады, сиыр сүтінің өнідірісі- тиісінше – 2,6%-ға және 669,3 мың тонна және тауық жұмыртқасының өндірісі – 4,6%-ға және 193,6 млн. дананы құрады.Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі жұртшылық шаруашылықтарында тұрақты дамуда. Олардың үлесіне өндірілген еттің – 79,9%, сүттің – 93,4%, жұмыртқаның – 59,5% тиесілі, - делінген хабарламада.