Түркістан облысында кәмелетке толмаған балаларға заңсыз діни сабақ берген адам анықталды

19 Шілде 2023, 13:55
990
Бөлісу:
Түркістан облысында кәмелетке толмаған балаларға заңсыз діни сабақ берген адам анықталды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Жедел іс-шараны Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп өткізді, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға заңсыз діни сабақ берген ер адамды анықтады. Яғни Түркістан қаласының тұрғыны үйінде 5 жастан 17 жасқа дейінгі 68 балаға сабақ беріп, діни уағыздарды заңсыз өткізген. Ал оқу ақысы 100 мың теңге болған.

Аталған мекен-жай бойынша тексеру жүргізу кезінде 68 бала діни бағыт бойынша сабақ алғаны расталды. Сондай-ақ оқушылар арасында Түркістан ғана емес, Абай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Өзбекстан Республикасының балалары да білім алғаны анықталды. 

Оған қоса полицейлер жергілікті тұрғынның үйінен сараптамаға бағытталған 100-ден астам діни сипаттағы кітаптарды тәркіледі. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-бөлігі "Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз діни қызметпен айналысқаны және діни әдебиеттерді таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Өзгелердің жаңалығы