Түркістан облысында есірткі сақтаған зейнеткер сотталды

11 Қараша 2022, 07:14
1420
Бөлісу:
Түркістан облысында есірткі сақтаған зейнеткер сотталды

Түркістан облысында сот есірткі сақтаумен айналысқан зейнеткерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін «Қарасора» жедел алдын алу іс шарасы аясында Түркістан облысы ІІД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтаған күдіктіні ұстаған болатын. Келес ауданындағы ауылдардың бірінде полицейлер «Лада Приора» көлігін тоқтатты. Тінту кезінде тергеушілер өсімдік тектес зат салынған сөмке тапты. Алынған дәлелдеме сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, тәркіленген есірткі заты жалпы салмағы 1 келіден асатын «көкнар» болып шықты.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша кінәлі деп танылды.

Күдікті Мақтаарал ауданының тұрғыны екені анықталды. Қарт өз әрекетін мойындап, есірткіні өзі тұтынуы үшін сақтағанын түсіндірді. Жинақталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары айыптау актісімен бірге заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Сот үкімімен сотталушы 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Өзгелердің жаңалығы