Түркістан облысында екі ауыл карантинге жабылды

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында екі ауыл карантинге жабылды. Шектеу шаралары Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қаржан және Қызылата ауылдарында енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 5 Қараша 2022 2022, 04:28
5 Қараша 2022 2022, 04:28
1448

Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында екі ауыл карантинге жабылды. Шектеу шаралары Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қаржан және Қызылата ауылдарында енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана телеарнасының хабарлауынша, бұл елдімекендерде ұсақ малдан бруцеллез анықталған.

Жұқпалы ауру көрші ауылдарға тарап кетпеуі үшін ауыл әкімдігі осындай шешім қабылдады.

Қазір сарып анықталған малды емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Көпшілік өзге төрт түлігін сыртқа шығармауы тиіс. Барлығы мал дәрігерінің бақылауында болады, - делінген ресми хабарламада.

Наверх