Түркістан облысында Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіші орнатылды

3 Мамыр 2022, 16:11
2095
Бөлісу:
Түркістан облысында Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіші орнатылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төлеби ауданындағы Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне қарасты Сарқырама елді мекенінде Социалистік Еңбек Ері, ғұлама ғалым, академик – Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына орай ескерткіш орнатылды.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Түркістан облысында Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіші орнатылды

Сондай-ақ, мүсін орнатылған көшеге заңғар тұлғаның есімі берілді.

Түркістан облысында Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіші орнатылды

Алқалы жиынға ел ағалары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері арнайы келіп қатысты. Жиын барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Түркістан облысының Құрметті азаматтары Әбдіжаппар Оңалбаев, Исмат Тұрсынқұлов, Шәріпбек Жамалбек құттықтау сөз сөйлеп, кемеңгер тұлғаның өмір жолы жайлы баяндап, еңселі ескерткішті салтанатты түрде ашты.

Түркістан облысында Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіші орнатылды

Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев, мемлекет қайраткері Асқар Мырзахметов, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Әбілқасым Досболов, аудан әкімі Төлеген Телғараев ескерткішке гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Түркістан облысында Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткіші орнатылды

Айта кетейік, «Атамекен» корпорациясы» ЖШС-нің директоры Мұрат Төлтебаевтың демеушілігімен бой көтерген қоладан жасалған ескерткіштің жалпы биіктігі 5 метрді құрайды.

Өзгелердің жаңалығы