Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістан облысында департамент басшысы пара алды деген күдікке ілінді

30 Маусым 2025, 23:50
884
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Түркістан облысы бойынша Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы жасырын тергеу іс-шаралары нәтижесінде пара алғаны әшкере болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, ол Түркістан тұрғынынан жер учаскелеріне мемлекеттік актілерді рәсімдеуге жәрдемдесу үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алған деген күдікке ілінген.

2025 жылғы 28 маусымда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды, - деді Данияр Биғайдаров.

 Бұған дейін сыбайлас жеиқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі пара алғанын жазғанбыз.

Өзгелердің жаңалығы