Түркістан облысында демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді

21 Шілде 2021, 17:40
1346
Бөлісу:
Түркістан облысында демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты, Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №15 Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №16 Қаулысы шықты, деп хабарлады Хабар24.

Қаулы ​22 шілде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне байланысты карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. 18-ші шілде күнгі эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша Түркістан облысы сары аймаққа кірді. Жағдай тұрақталғанға дейін қолданыстағы қаулыға төмендегідей өзгерістер енгізілді. 

«Ashyq» жобасына қатысқанына қарамастан сенбі, жексенбі күндері: Қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамхана, кафе, асханалар), банкет залдары, жазғы алаңдар, қоғамдық көлік, балалар ойын алаңдары (ашық ауа, жабық нысандарда), аттракциондар, батуттар, сұлулық салондар (косметологиялық қызметтер), туристік базалар, демалыс үйлері, бассейндер, монша, сауналар, облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, компьютерлік клубтар, караоке, боулингтердің қызмет көрсетуіне тыйым салынды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ашық және жабық базарлар сенбі, жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады. 

Құрметті, Түркістан облысының тұрғындары! Өңірде вакцина салдыру бойынша әлі де ұжымдық иммунитет қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан күшейтілген карантин талаптарына түсіністікпен қарай отырып, оны қатаң сақтауды сұраймыз! ​​​​​​​​​Міндетті түрде маскалық режим, адамдардың көп шоғырлануын болдырмау, әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау керек екендігін еске саламыз, - делінген ақпаратта.



Өзгелердің жаңалығы