Түркістан облысында браконьерлерден заңсыз ауланған 26 құс еті тәркіленді

4 Сәуір 2022, 20:20
1704
Бөлісу:
Түркістан облысында браконьерлерден заңсыз ауланған 26 құс еті тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында браконьерлерден заңсыз ауланған 26 құс еті тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз аң аулау мен браконьерлікпен айналысатын адамдарды анықтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында Созақ аудандық ПБ Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзған күдіктілерді анықтады. 

Түркістан облысында браконьерлерден заңсыз ауланған 26 құс еті тәркіленді

Нақтырақ айтсақ, созақтық полицейлер Ақжар көлінің маңайында түнгі уақытта Охотзоопром өкілдерімен аңшылық құрып жүрген екі азаматты ұстады. Яғни, Ордабасы мен Төлеби ауданының екі тұрғыны заңсыз қаз және үйрек құстарын аулаған. 

Полицейлер айғақты зат ретінде браконьерлерден екі аңшы мылтығы, үрмелі қайық, 18 қаз, сегіз үйрек етін тәркілеп алды. Күдіктілер өз сөзінде Созақ ауданына аңға шығу мақсатында келгендерін жеткізді. Алайда олардың аң атуға рұқсат қағаздары болмай шықты. 

Қазіргі таңда құқық бұзушыларға қатысты ҚК-нің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар жоғын анықтауда.

Өзгелердің жаңалығы