Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Түркістан облысында алтынды заңсыз өндірген 12 адам жауапқа тартылуда

Бөлісу:
 @BAQ.KZ коллажы
Фото: @BAQ.KZ коллажы

Түркістан облысы Созақ ауданында алтын құрамды учаскелерін өз бетінше игерумен айналысқан тұлғалар тобы анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы прокуратурасы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Тексеру барысында 12 тұлға рұқсат құжаттарынсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, шамамен 451 грамм алтынды заңсыз өндіргені анықталды.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті тұлғаларға қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, 5 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Прокуратура заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру экологияға елеулі қауіп төндіретінін, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін және қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертеді, - деп хабарлады Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде жөндеуге тапсырылған алтындарды ломбардқа өткізген зергер ұсталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы