Түркістан облысында 315,6 мың га жер телімі мемлекетке қайтарылды

22 Қыркүйек 2022, 20:30
1338
Бөлісу:
Түркістан облысында 315,6 мың га жер телімі мемлекетке қайтарылды

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Алтынбек Мырзаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Президенттің 2022 жылғы 28 наурыздағы тапсырмасына және Премьер-министрдің бірінші орынбасары Р.В.Склярдың хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында Түркістан облысы аумағынан 500 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланды. Осы ретте жалпы сот және тексерулер арқылы бүгінгі таңда 315,6 мың га жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Оның 313,5 мың га – жайылым, ал 2,1 мың га – егістік жер, - деді Алтынбек Әбдіқайымұлы.

Спикердің сөзінше, департаментпен осы жылдың 8 айында 26 субъектілерге тексеру жұмыстары жүргізілген. Осы ретте заң бұзушылықтар анықталып, 2 712 510 теңге айыппұл салынған. Жер заңдылығының бұзылуын жою туралы 31 нұсқама (31 жергілікті атқарушы органдардың қабылдаған шешімдерін жою туралы) берілген. Сондай-ақ, 74 жер иелері бойынша көлемі 2 857 га сотқа талап-арыз берілген. Сот шешімімен ауыл шаруашылығы мақсатындағы 7 жер иелерінің көлемі 541,4 га жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған.     

Айта кетейік, аудан, қала әкімдіктерімен 2021-2022 жылдары аралығында алаңы 66 663,4 га жер телімдеріне 123 конкурс өткізілді. Бәйдібек, Шардара аудандары мен Кентау қаласында 31 жер телімі (2 742 га) заң талаптарын бұза отырып табысталғандығы анықталды. Осы орайда, аудан, қала әкімдеріне нұсқамалар берілді.   

Өзгелердің жаңалығы