Түркістан облысында 31 мың гектар аумаққа көшет егіледі

29 Мамыр 2023, 02:45
776
Бөлісу:
Түркістан облысында 31 мың гектар аумаққа көшет егіледі
Фото: otyrar.kz

Түркістан қаласы, Сауран мен Отырар аудандарында 15 мың гектар аумаққа ағаш-бұта көшеті егілді. Негізгі меже 31 мың га, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған орай облыстық жауапты мамандар арасында талқылау жұмысы жүргізілді. Жиында мәдени екпелерді күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізу және мәдени көшеттерді дұрыс отырғызу мәселесі қаралды.

Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-на қарасты кәсіпорындар 20 107 га аймаққа ағаш, сексеуіл көшеттерін егеді деп жоспарланған. Қазір 8 934-на егілген. «Жасыл белдеуді» көбейту барысында облыстағы атмосфераның ластануы 65%-ға төмендеген.

Өзгелердің жаңалығы