Түркістан облысында 20 отбасы баспаналы болды

31 Желтоқсан 2020, 22:44
1441
Бөлісу:
Түркістан облысында 20 отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Түркістан облысы Түлкібас ауданында 20 көпбалалы отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. 

«Көпбалалы отбасыларды тұрғын-үймен қамту» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын-үй кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар жаңа жылда қоныс тойын тойлағалы отыр. 

Аталмыш бағдарлама бойынша аталған отбасылар жалпы құны 8 млн. 400 мың теңгені құрайтын, аумағы 60-100 шаршы метр аралығындағы дайын үймен қамтамасыз етілді. 

Үй кілтін табыстау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен арнайы қатысып, отбасыларды жаңа баспаналарымен құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы