Түркістан облысында 16 жасар жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті

Қазіргі уақытта полиция жасөспірімді іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 Polisia.kz 30 Наурыз 2026, 22:53
30 Наурыз 2026, 22:53
2031
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысы, Кентау қаласында 2010 жылы туған Сүлеймен Дамир Қанатұлы із-түссіз жоғалып кетті. Ол 9 наурыз күні үйінен шығып, содан бері оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта полиция жасөспірімді іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тәртіп сақшылары азаматтардан жоғалған бала туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе «102» арнасына хабарласуды сұрайды.

Полиция кез келген ақпараттың маңызды екенін атап өтіп, тұрғындарды бірлесіп әрекет етуге шақыра.

Еске сала кетейік, Ақтөбе облысында да 10 жасар бала іздестіріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, бала суға құлап кетуі мүмкін.

 

Наверх