Түркістан облысының Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қызметіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мал ұрлаушылардың Бәйдібек ауданында орналасқан жайылымнан 14 жылқыны жымқырғаны анықталды. Жалпы шығын 4 млн теңгеден асты.
Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ұрланған жылқыларды, ГАЗель автокөлігін және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.Сондай-ақ олардың Қызылорда облысының аумағында басқа да 2 мал ұрлығына қатысы бар екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта мал ұрлығы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, – деп жазды Polisia.kz.
Оқи отырыңыз: