Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 1 ақпаннан бастап барлығы 12 700 адам 1 компонентпен вакцинацияланды. Бұл туралы облыстың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, медициналық қызметкерлер – 10 877 (86,2%), мұғалімдер саны – 1288 (10,2%), полиция қызметкерлері – 446 (3,5%), басқалары – 75 (0,6%). Созылмалы ауруы барлар – 13 (0,1%).
Ал 22 ақпаннан бастап ревакцинация барлығы 6 173 адамға салынды. Оның ішінде медицина қызметкерлері – 5059, педагогтар – 799, құқық қорғау органдары – 279 және басқалары – 36.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 8 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,17%-ды құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 581 312 ПТР-сынамасы алынған. Ал соңғы тәулікте зертханаларда 3134 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар, олардың 432 бос, - деді басқарма.
Аймақта бүгінде жалпы 23 429 медицина қызметкері бар. Оның 5000-нан астамы дәрігер, қалғандары орта буын мамандары. Ақ халатты жандардың ерен еңбегінің арқасында өңірде қауіпті індетті жұқтырған 4 392 науқас толық жазылып шыққан. Жалпы пандемия басталғалы COVID-19 инфекциясы расталған 4 493 жағдай тіркелді. Олардың 2 869-да ауру симптомсыз өткен.
Түркістан облысына қарасты вакцина сақтайтын қоймасына көлемі 601 литр құрайтын 2 мұздатқыш жеткізілді. Сонымен қатар облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр құрайтын 20 мұздатқыш жеткізілді. Вакцинация жүргізуге арналған 65 пунктер толық тоңазытқышпен жабдықталған. Бұдан бөлек вакцинаны тасымалдайтын көлемі 50 литр құрайтын 38 термоконтейнер толық қамтамасыз етілді, - делінген хабарламада.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады. Вакцинадан бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, екпе егердің алдында сіз арнайы параққа қол қою арқылы вакцинадан бас тартып немесе салдыруға келісім бересіз.