Түркістан облысы ТЖ департаментін Асқар Төлешев басқарады

16 Қазан 2023, 16:27
653
Бөлісу:
Түркістан облысы ТЖ департаментін Асқар Төлешев басқарады
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысы ТЖ департаментінің жаңа бастығы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешев тағайындалды.

Жаңа бастықты ТЖД жеке құрамына Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов таныстырды.

Түркістан облысы ТЖ департаментін Асқар Төлешев басқарады

Асқар Төлешев 1975 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Өзбекстан Республикасы Ташкент жоғары өрт-техникалық мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Ақтөбе облысының Ішкі істер басқармасы жанындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы өрт сөндіру басшысының көмекшісі болып бастады. Әр жылдары өрт сөндіру қызметінің кезекші өрт сөндіру қызметі өрт сөндіру басшысының аға көмекшісі, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы, Ақтөбе қаласы өртке қарсы қызмет басқармасының бастығы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. Соңғы жылдары Қызылорда және Ақтөбе облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттері бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

Өзгелердің жаңалығы