Түркістан облысы Сайрам ауданындағы жол орташа жөндеуден өтуде

7 Сәуір 2022, 09:48
3015
Бөлісу:
Түркістан облысы Сайрам ауданындағы жол орташа жөндеуден өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сайрам ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-38 «Әсіларық-Көлкент-Манкент шипажайы» автомобиль жолының 18,7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нысанның жөндеу жұмыстары келесі жылға өтпелі. Жұмыс-өндірістік кестеге сәйкес, жолдың біршама бөлігінде асфальттың үстіңгі қабатын фрезалау, жарамсыз жол бөліктерінде асфальт жабынын бұзып, жол негізін қайта қалпына келтіру және екі қабат асфальт жабынын салу жұмыстары қарастырылған, - делінген ақпаратта. 

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы жол орташа жөндеуден өтуде

Жұмыс сапасы - тапсырыс беруші облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауға алынған.

Өзгелердің жаңалығы