Түркістан облысы. Келес ауданы 400 тал екті

14 Қараша 2020, 22:14
3209
Бөлісу:
Түркістан облысы. Келес ауданы 400 тал екті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес Түркістан қаласында көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін шаһар 32 секторға бөлінген болатын.  Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. 

Түркістан облысы. Келес ауданы 400 тал екті

Соның ішінде 16-секторға жауапты Келес ауданының игі істе өз үлесі бар.

Түркістан облысы. Келес ауданы 400 тал екті

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев бастаған топ сектор аумағын көгалдандыру мақсатында көшет отырғызу жұмыстарын жүргізді. Келестіктер өздеріне бекітілген аймақта арнайы ұңғымалар қазып, 400 көшет отырғызды.

Түркістан облысы. Келес ауданы 400 тал екті

Қазіргі таңда 357 шұңқыр қазылған. Қалған жұмыстар бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, 30 қарашада аяқталатын болады. Бұдан өзге 8176 көшет сатып алынған, – деді аудан әкімі А. Есбаев. 

Түркістан облысы. Келес ауданы 400 тал екті

Облыс орталығын көгалдандыру мен күнделікті тазалық жұмыстарына 8 техника  жұмылдырылып,  200-ге жуық адам жұмысқа тартылған.

Түркістан облысы. Келес ауданы 400 тал екті

Қазіргі таңда 16 сектор аумағындағы көшелерді тегістеу, тұрмыстық қалдықтарын тазарту, ағаштарды бұтау жұмыстары жүргізіліп, күл-қоқыстар шығарылуда. Дастанов көшесіне газон егу (1500 ш.м) мақсатында құнарлы топырақ төсеу жұмыстары жүргізілген.

Түркістан облысы. Келес ауданы 400 тал екті

Өзгелердің жаңалығы