Түркістан мергені жамбы атудан Азия чемпионы атанды

22 Сәуір 2024, 13:51
221
Бөлісу:
Түркістан мергені жамбы атудан Азия чемпионы атанды

Шымкент қаласында жамбы атудан ересектер арасында Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 елден келген 60 спортшы мажар, корей, түрік, жамбы стилі бойынша бақ сынады.

Қазақстан құрамасы сапында 6 спортшы өнер көрсетті. Оның ішінде Түркістан облысынан 3 спортшы сынға түсіп, ел мерейін үстем етті. «Түрік» стилінде мергендік танытқан түркістандық Батыр Бексауытқа тең келер қарсылас болмады.

Ол өзінің шеберлігін көрсетіп, алтын медаль иегері атанса, «Мажар» стилінде күміске қол созды. Ал Ералхан Айкөз «Мажар» стилінде қола жүлде иемденсе, «Корей» стилінде де қола медальді қанағат етті. Осылайша ат үстінде садақ атудан өткен байрақты додада Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық 2-орынды иеленді.

Азия чемпионатында ел мерейін асқақтатқан спортшылар Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері.

Өзгелердің жаңалығы