Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Карантин кезінде Түркістан облысында ет өнімдеріне деген сұраныс төмендеген. Бұл туралы 24.kz сайты жазды.
Өткен жылғымен салыстырғанда сатып алу мен өндіру бір жарым есеге азайған. Ал бұдан фермерлер мен ет өнімін өңдеушілер зардап шегуде. Етке деген сұраныстың азайғанына мейрамханалардың жабық болғаны әсер еткен. Бір ғана Түркістан қаласының өзінде елуге жуық тойхана барын ескерсек, тек солардың өзі айына 500 тонна ет сатып алып отырған. Сондықтан ішкі нарықта да ет пен ет өнімдерін өткізу бас қатыратын мәселеге айналып отыр.
Карантин кезінде мейрамханалар жабылды. Оның үстіне экспорт тоқтап тұрды. Сондықтан ет өткізуде қиындықтар туындауда. Осыған байланысты ет экспортына рұқсат беру жөнінде ұсыныс білдірдік, - дейді олыстық Ауыр шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Ербұлан Жәнібеков.
Бөлім басшысының айтуынша, облыс етті Қытай нарығына шығару үшін екі мал сою орнын ұсынған. Бүгінде өңір етті Алматы облысы мен Өзбекстанға жөнелтуде. Осы күнге дейін Түркістан облысында 121 мың тонна ет өндірілген. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен шамалас. Өзбекстанға 4,5 мың тонна сиыр, 244 тонна қой еті экспортталған.