2020 жылы Түркістан 100% газбен қамтылмақ

10 Ақпан 2019, 13:27
2124
Бөлісу:
2020 жылы Түркістан 100% газбен қамтылмақ

Астана, BAQ.KZ. Биыл Түркістан қаласының тұрғындарының 60 % жуығы табиғи газбен қамтылады. Ал, 2020 жылы қала толығымен табиғи газбен қамтылмақ. Бұл туралы қала әкімі Әліпбек Өсербаев халық алдындағы есебінде мәлімдеді.

«Қаланы газбен қамту 3 кезеңмен жүзеге асырылуда. І кезеңнің жұмыстары бойынша 10518 абонентке газ құбыры жүргізіліп, 43 мыңға жуық қала тұрғынына табиғи газ берілді. Бүгінде ІІ-ІІІ кезеңнің құны 20 млрд 271 млн теңгені құрайтын 11 жоба әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды», –деді қала басшысы.

Сонымен қатар, қала тұрғындарын электр энергиясымен қамту бүгінде 99,8% құрап отыр. Есепті мерзімде 2 нысанның құрылысы аяқталып, қала аумағындағы 1566 абонент  сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді.

Өзгелердің жаңалығы