Түркістан базарында сатылған діни әдебиеттер сараптамадан өтеді

2 Сәуір 2023, 03:23
2609
Бөлісу:
Түркістан базарында сатылған діни әдебиеттер сараптамадан өтеді
Фото: alashainasy.kz

Түркістан базарында сатылған діни әдебиеттер сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қалалық полиция басқармасымен бірлесіп, діни мазмұндағы әдебиеттерді заңсыз пайдалану дерегін анықтады. Тәртіп сақшылары қала базарларының бірін тексеру барысында діни сипаттағы үш кітапты тәркіледі. Дүкеннен алынған әдебиеттер сараптамаға жіберілді.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы 3-тармағының 1-бөлігі «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу» бойынша тіркеліп, тұрғынға әкімшілік хаттама толтырылды, –делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы