Түркістан балабақшасындағы оқиға: Баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан кетті

26 Ақпан 2024, 11:56
532
Бөлісу:
Түркістан балабақшасындағы оқиға: Баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан кетті
Фото: Артём Чурсинов - архив

Түркістанда балаға қатыгездік танытып, оны ұрған тәрбиешінің әрекеті видеоға түсіп қалған. Өңірдің білім басқармасы педагогтің жұмыстан кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркістан облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі берген ақпаратқа сәйкес, оқиға қаладағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған.

Оқиға Түркістан қаласындағы жекеменшік балабақшаның бірінде болған. Аспаз емес, тәрбиеші. Аталған жағдай бойынша құзырлы органдар айналысып жатыр. Қазіргі таңда тәрбиеші өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды, - деді басқарманың баспасөз хатшысы Нұрлан Сұлтанбек.

Өзгелердің жаңалығы