Түркістан әуежайына қатысты Вьетнам инвесторымен кездесу өтті

21 Қаңтар 2024, 03:40
588
Бөлісу:
Түркістан әуежайына қатысты Вьетнам инвесторымен кездесу өтті
Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Түркістан қаласында халықаралық әуежай салу, пайдалану және басқару" мемлекеттік-жекешелік әріптестігі келісімшартына сәйкес, постинвестициялық кезең 2024 жылдың 1 наурызында аяқталады. Түркістан әуежайын ары қарай дамыту мақсатында облыстық әкімдік тарапынан түрлі ұсыныстар қарастырылып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған орай, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Вьетнам елінің ірі инвесторларының бірі "Sovico Group" компаниясының басшысы Фам Нгок Сау мен орынбасары Ле Мин Туанмен кездесті.

Кездесу барысында әуежайды заман талабына сай жан-жақты дамытуға бағытталған ұсыныстар айтылып, өңірдің туризм саласын өркендетуге байланысты идеялар талқыланды. Қос тарап әріптестікті нығайта түсуге уағдаласты.

Түркістанның туристік әлеуетін арттырып, өңірдің әлеуметтік-экономикасына оң әсерін тигізетін ұсыныстар мен бастамаларды, инвестициялық жобаларды талқылау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

Өзгелердің жаңалығы