Түркістан әуежайына барар жол бойына қара өрік отырғызылды

9 Наурыз 2021, 00:20
1464
Бөлісу:
Түркістан әуежайына барар жол бойына қара өрік отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан әуежайына барар жолдың бойы бау-бақшаға айналып, 400 гектар аумаққа 200 мың түп қара өрік көшеттері отырғызылды. Заманауи бау-бақша израильдік озық технологиясы бойынша тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен қолға алынған жобаның нәтижесінде үш жылдан соң 1 гектардан 20 тоннаға дейін өнім алуға болады. Мұнда жергілікті ауа-райына қолайлы қара өріктің Black Splendоr, Black Diamond және Angeleno секілді ең шырынды сұрыптары егілді.

Аймақ басшысы жобаның жалпы жүзеге асырылуын пысықтады. Бұл аумаққа қосымша қауын егуге болатынын айтып, осыған орай арнайы мамандарды атсалыстыруды тапсырды. Кентау қаласына қарасты Шаға ауылдық округінің аумағына жайғасқан жайқалған бау-бақша «Түркістан» ЭКК» АҚ мен «Dala – Fruit.kz» ЖШС бірлескен күшімен іске асырылуда.

Қаладағы құрылыс алаңдарын аралаған өңір басшысы жаңадан салынып жатқан ғимараттардың құрылысшыларымен кездесті. Мәдени-рухани орталықтың қайталанбас үлгісін сақтауды тапсырған облыс әкімі құрылысты белгіленген мерзімге сәйкес тапсыруды жүктеді. Ең алдымен сапаға баса мән беруді міндеттеді.



Өзгелердің жаңалығы