Түркіменстанның жаңа президенті үкіметті отставкаға жіберді

20 Наурыз 2022, 11:10
1877
Бөлісу:
Түркіменстанның жаңа президенті үкіметті отставкаға жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов ескі министрлер кабинетін отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Риа Новости «Нейтральный Туркменистан» үкіметтік басылымына сілтеме жасап хабарлады. 

Түркіменстанның жаңа басшысы мұны ұлықтау рәсімінен кейін және Құрмет қарауылының сарбаздары мен қарулы күштер бөлімшелерінің шеруін қабылдағаннан кейін жасады. 

Түркіменстан Конституциясына сәйкес Мемлекет басшысы Үкімет мүшелерінің өкілеттіктерін толық құрамда тоқтату туралы Қаулыға қол қойды, оларға Министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін орындауды жалғастыруды тапсырды, - деп атап өтті басылым.

Түркіменстанда 12 наурызда жоғары мемлекеттік лауазымға үміткер тоғыз үміткердің қатысуымен кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сайлауда 72,97% дауыс жинап, әкесі, екінші мемлекет басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің орнына келген 40 жастағы вице-премьер Сердар Бердімұхамедов жеңіске жетті. Президенттік бәсекенің қалған қатысушылары жалпы саны 27,03% дауыс жинады. 

Түркіменстанда президент жеті жылға сайланады және ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

Өзгелердің жаңалығы