Түркіменстанда ит баптаушыларға атақ берілетін болды

15 Наурыз 2021, 19:35
1683
Бөлісу:
Түркіменстанда ит баптаушыларға атақ берілетін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Түркіменстанның еңбек сіңірген ит баптаушысы» мен «Түркіменстан халқының ит баптаушысы» құрметті атақтарын тағайындау туралы шешім шығарылды, деп жазды centralasia.media. 

Тиісті заң бүгін елдің Мәжілісінде бекітілді. Ақпан айында құрметі атақ пен төсбелгілердің эскизін вице-премьер, «Түркімен алабайлары» қауымдастығының төрағасы Сердар Бердімұхаметов ұсынған болатын. Сонымен қатар төраға биліктегілердің назарын «Жылдың қайсар алабайы» атағына да аударды. Сол кезде ел президенті эскиздер мен атақтарға қолдау білдіріп, ит баптау өнері халықтың ежелгі дәстүрі екені атап өткен. Дәстүрдің үзілмеуі үшін осындай құрмет пен марапат қажет екенін ескертті.

Осыған дейін елде «Түркіменстанның еңбек сіңірген жылқы баптаушысы» атағы бекітілген болатын.

Аталған атақтар осы іске лайықты үлес қосып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізген жандарға беріледі.

Өзгелердің жаңалығы