Түркіменстанда ересектерге вакцина алу міндеттелді

7 Шілде 2021, 18:26
2197
Бөлісу:
Түркіменстанда ересектерге вакцина алу міндеттелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркіменстанда 18 жастан асқан азаматтарға коронавирусқа қарсы вакцина алу міндеттелді, деп жазды centralasia.media. 

Денсаулығына байланысты қарсы көрсетілімдері болмаса елдің 18 жастан асқан барлық тұрғыны вакцина алуы тиіс. Бұл - Үкімет қаулысымен бекітілген талап. Міндетті вакцинадан аллергиясы барлар, жүкті әйелдер, бала емізетін әйелдер мен созылмалы аурулары барлар босатылды. 

Елде коронавирусқа қарсы вакцинаның жеткілікті қоры жасақталды. Түркіменстанда бірнеше айдан бері қауіп тобына жататын адамдар мен қарттарды вакцинациялау жүргізіліп жатқан болатын. Бейресми ақпарат бойынша халыққа ресейлік «Спутник V» вакцинасы салынуда.

Өзгелердің жаңалығы