Түркі әлемінің назары Қазақстанда: Ердоған Астанаға келеді

Астана мен Түркістанда маңызды кездесулер өтеді.

 ©BAQ.KZ/Бауыржан Жуасбаев Бүгiн 2026, 17:33
Бүгiн 2026, 17:33
231
Фото: ©BAQ.KZ/Бауыржан Жуасбаев

Ақорда алдағы аптада елімізде өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ

13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді.Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.

 15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

Жиында «Жасанды интеллект және цифрлық даму» тақырыбы талқыланады.

Наверх